Франция президенті Эммануэль Макрон 39 жастағы қорғаныс министрі Себастьен Лекорнюді премьер-министр етіп тағайындады, деп жазады ZontNews.kz.
Жаңа премьерге парламенттегі саяси күштермен келіссөздер жүргізіп, «бюджетті қабылдау және алдағы айларда шешімдер үшін қажет келісімдерге қол жеткізу» тапсырылды. Осыдан кейін ол президентке үкіметтің жаңа құрамын ұсынуы тиіс.
Лекорню 2022 жылдан бері қорғаныс министрі болып келді. Ол Макронның екінші мерзімінде тағайындалған бесінші премьер болды.
Бұған дейін Франсуа Байру отставкаға кеткен. Ол шығындарды қысқарту мен бюджет тапшылығын азайту үшін парламентте сенім дауысын өзі бастамашы болғанымен, жеткілікті қолдау ала алмай, қызметінен кетті.