Ресей азаматтары мінген ұшақ Атырауда шұғыл қонды

Фото: Pixabay

Екатеринбургтен Анталияға бағыт алған жолаушылар ұшағы (рейс ZF-839) Атырау әуежайына шұғыл қонды, деп жазады ZontNews.kz.

Әуежай өкілдері мұны «әуе кемесінің техникалық ақауына» байланысты деп түсіндірді.

Ресейлік туристер әзірге ұшуды күтіп отыр. Күту залында орын жетпей, кейбір жолаушылар еденде отырған.

Ақаудың нақты себебі белгісіз. Мәскеуден баламалы ұшақ жіберілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *