Қазақстан мен Сингапур активтерді қайтару жөнінде келісім жасасты

Фото: Бас прокуратура

Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов пен Сингапурдың әділет министрі Эдвин Тонг қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек жөніндегі келісімге қол қойды, деп жазады ZontNews.kz.

Құжат тергеу барысында дәлелдемелермен алмасуды, шетелге шығарылған активтерді қайтаруды және қылмыстарды тергеуде ынтымақтастықты қамтиды.

8 қыркүйекте Асылов Сингапурда өткен Халықаралық прокурорлар қауымдастығының 30-конференциясына қатысты.

«Жиында киберқылмыспен күрес, цифрлық дәлелдемелерді қолдану, активтерді қайтару және жаңа қылмыс түрлеріне дер кезінде жауап беру мәселелері қаралды», – деп хабарлады Бас прокуратура.

Бас прокурордың айтуынша, келісім Қазақстан үшін ерекше маңызға ие, өйткені Сингапур әлемдік қаржы орталықтарының бірі болып саналады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *