Еуропалық одақ алғаш рет Қазақстанға да әсер етуі мүмкін жанама санкцияларды қарастыруда, деп хабарлайды ZontNews.kz Bloomberg дерегіне сілтеме жасап.
Бұл шаралар Ресейге тауарларды «күрделі» жолмен қайта экспорттау арқылы шектеулерді айналып өтуге бағытталған.
Дереккөздер мәлімдегендей, Қазақстанға кейбір машиналар мен жабдықтарды импорттауға тыйым салынуы мүмкін. ЕС статистикасына сәйкес, бұл тауарлар Ресейде қару-жарақ өндірісінде кеңінен қолданылады.
Бұған дейін кейбір қазақстандық компаниялар санкцияға ілінген, бірақ ел деңгейінде мұндай шара қабылданған емес. Bloomberg атап өткендей, бұл – қарастырылып отырған нұсқалардың бірі ғана, соңғы 19-шы пакетке ол кірмеуі мүмкін.
Сонымен қатар, ЕО жаңа пакетке Ресейдің бірқатар банктері, энергетикалық компаниялары, төлем жүйелері, криптообмендіктері және мұнай саласын қосуды жоспарлап отыр.