Черногорияда екі қазақстандық ұсталды

Фото: Polisia.kz.

Черногорияның Бар қаласында Қазақстан азаматтары – ер адам мен әйел ұсталды, деп жазады ZontNews.kz.

Оларды ауыр қылмыстарға қатысы бар деп күдікке ілінді. Тергеу мәліметінше, күдіктілер Telegram арқылы есірткі сатуға арналған интернет-дүкен ұйымдастырған, курьерлерді жұмысқа тартқан, қылмыстық топқа қатысқан және мемлекеттік қызметкерге пара берген.

«Ұсталғандар қазіргі уақытта Черногориядағы уақытша изоляторға қамалды. Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қаралуда», – деп хабарлады ІІМ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *