Түркістан облысында ер адам әкесін соққыға жықты: қылмыстық іс қозғалды

Фото: Telegram-канал @halyqstan

Әлеуметтік желіде ер адамның өз әкесін аяусыз соққыға жыққан сәті түсірілген видео тарады. Осы оқиғадан кейін Түркістан облысында қылмыстық іс қозғалды, деп жазады ZontNews.kz.

Полицияның мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құзырлы органдар оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

ІІМ атап өткендей, «тергеу нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жарияланбайды».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *