Қазақстан футбол құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгияға ірі есеппен жеңілді, деп жазады ZontNews.kz.
Брюссельдегі «Лотто Парк» стадионында өткен ойында алаң иелері 6:0 есебімен үстем болды.
Бұл нәтижеден кейін Қазақстан құрамасы үш ұпаймен өз тобында төртінші орында тұр.
J тобының турнирлік кестесі:
- Солтүстік Македония – 11 ұпай (5 матч)
- Бельгия – 10 ұпай (4 матч)
- Уэльс – 10 ұпай (3 матч)
- Қазақстан – 3 ұпай (5 матч)
- Лихтенштейн – 0 ұпай (5 матч)