Қордайда алты жасар қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Фото: Grok

Қордайда алты жасар қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды, деп жазады ZontNews.kz.

Ер адам 2025 жылдың 25 сәуірінде Қордайдағы үйінде мас кезінде 6 жасар қызының дәрменсіздігін пайдаланып, қызына жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет жасаған.

«2025 жылы 25 сәуірде сотталушы Ж., Қордай ауылындағы өзінің тұрғылықты мекен-жайында мас кезінде жәбірленуші (2019 ж.т.) Р.-ның дәрменсіз күйін пайдаланып, ата-анасы бола тұра, жас балаға  жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет жасаған. Сот үкімімен Ж. ҚК 121-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сот моральдық зиянның өтемі ретінде 5 млн теңге өндірді», – деп жазды Жамбыл сотының баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *