ІІМ: Берденовке оқ атқан қару полиция қызметкерінен алынған

Кадр из видео

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуылда қолданылған қару полиция қызметкерінен алынғанын растады, деп жазады ZontNews.kz.

Бұл туралы ол Мәжіліс кулуарында айтты.

БАҚ мәліметінше, тәртіп сақшысы есептен шығарылған аңшы мылтығын заңсыз берген.

«Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар болды. Бұл жерде сату емес, қызметкерлердің салғырттығы туралы сөз болып отыр. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу барысында барлық мән-жай анықталып, кінәнің деңгейі белгіленеді», – деді Сәденов.

Еске сала кетсек, 2025 жылдың 21 сәуірінде Шымкент әкімдігі алдында 31 жастағы Ернар Жиенбай Берденовке оқ атты. Шенеунік жараланып, аман қалған. Оны Берденовтің жүргізушісі тоқтатып, кейін полиция ұстаған.

20 тамызда сот Жиенбайды кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырды. 29 тамызда Берденов Шымкент әкімінің орынбасары қызметінен өз еркімен кетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *