Трамп: Қытай, Ресей мен Солтүстік Корея АҚШ-қа қарсы қастандық ойластыруда

Фото: EPA

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай, Ресей және Солтүстік Кореяны Америкаға қастандық әзірлеп жатыр деп мәлімдеді, деп жазады ZontNews.kz.

Ол бұл сөзін Бейжіңде Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толуына арналған әскери парадтан кейін айтты.

Салтанатты шараға Ресей президенті Владимир Путин мен КХДР басшысы Ким Чен Ын қатысты. Трамп Қытай төрағасы Си Цзиньпинге «тамаша мерекелік күн тілеймін» деді.

«Владимир Путин мен Ким Чен Ынға жылы лебізімді жеткізіңіздер, өйткені сіздер АҚШ-қа қарсы қастандыққа қатысып отырсыздар», – деді ол.

Кремль бұл айыптауларды жоққа шығарды. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, Трамптың сөзі «әзілге ұқсас» болған.

«Ешқандай қастандық болған жоқ. Мұндай ой үш басшы ешқайсында да болмаған», – деді ол «Россия 1» арнасына берген сұхбатында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *