Экс-банкир Ертаев бостандыққа шықты

Фото из открытых источников

Bank RBK-тен 144 млрд теңге жымқырғаны үшін 2020 жылы 11 жылға сотталған экс-банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты, деп жазады ZontNews.kz.

Бұл ақпаратты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады.

Ведомство мәліметінше, Ертаев рақымшылық туралы акт негізінде босатылған. Оған қатысты бақылауды пробация қызметі жүзеге асырады.

Еске салсақ, 2020 жылдың қарашасында Ертаев пен тағы 35 адам Bank RBK ісі бойынша ірі көлемдегі қаражатты жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *