Ақмола облысында ұйымдасқан топ 3,7 млрд теңге жымқырды

Фото из открытых источников

Ақмола облысында әлеуметтік осал азаматтарды ұрлап, олардың атына ірі көлемде несие рәсімдеген ұйымдасқан қылмыстық топ ісі бойынша тергеу аяқталды, деп жазады ZontNews.kz.

Өңірлік прокуратура мәліметінше, топ құрамында еліміздің әр өңірінен 25 адам болған. Олардың арасында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің орталық аппаратының қызметкері мен бірнеше банк өкілдері бар. Тергеу дерегінше, осы тұлғалардың қатысуымен алаяқтық бес жылдан астам уақыт бойы жасалған.

Қылмыстық схеманың құрбандары – 348 адам. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 3,7 млрд теңге. Тергеу барысында қылмыстық жолмен алынған мүліктер анықталды: Алматыдағы пәтерлер, жер телімдері, қымбат көліктер және ірі көлемдегі қолма-қол ақша. Тәркіленген активтердің жалпы құны шамамен 2,7 млрд теңге.

Топ мүшелері қамауға алынды. Қылмыстық іс тараптарға танысуға берілді. Соңғы шешімді сот шығарады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *