Таразда оқушы пышақ жарақатынан қаза тапты

Фото из открытых источников

Таразда 1 қыркүйек күні мектеп оқушысы пышақ жарақатынан көз жұмды, деп жазады ZontNews.kz.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша іс қозғалды. Күдікті жасөспірім оқиға орнынан қашқаннан кейін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Қазір болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізілуде», – деді полицияның баспасөз қызметі.

Алдын ала дерек бойынша, өлімге әкелген соққы жүрек тұсына тиген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *