Алматыда жасөспірімдер самокатпен ішінде сәбиі бар арбаға соғылды

Фото: freepik

Алматыда екі жасөспірім жалға алған самокатпен жүріп бара жатып, ішінде сәбиі бар арбаға соғылды. Оқиға бейнетаспаға жазылған, деп жазады ZontNews.kz.

Бейнекадрдан жасөспірімдердің ережеге бағынбай, жаяу жүргіншілерге арналған тар жолмен жоғары жылдамдықпен келе жатқаны көрінеді. Қарсы бағыттан арбасы бар отбасы қозғалып келе жатқан. Жасөспірімдер дер кезінде тоқтай алмай, арбаға соққан. Абырой болғанда, сәби зардап шеккен жоқ.

Алматы қалалық полиция департаменті жасөспірімдердің жеке басы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.

Ата-аналары да тиісті бақылауды қамтамасыз етпегені үшін жауапқа тартылды.

«Сонымен қатар жасөспірімдер мен олардың ата-анасына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оларға мұндай құқықбұзушылықтарға жол бермеу, бақылауды күшейту және салдары туралы ескерту жасалды», – деді ведомство өкілдері.

Бұған дейін Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев самокатты жалға беретін компаниялардың басшылары да жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеген еді.

Кейін Jet, Яндекс, Woosh, Bolt және ЕОМ компанияларына ультиматум берілгені хабарланды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *