Мерц: Путин мен Зеленский кездеспейді

Фото: BBC

Германияның канцлері Фридрих Мерц Ресей мен Украина басшыларының кездесуінен бас тарту туралы шешім қабылданғанын хабарлады, деп жазады ZontNews.kz.

Мерц бұл туралы 27-28 тамызға қараған түні Киевке жасалған әуе шабуылдарынан кейін мәлімдеді.

«Зеленский мен Путин арасындағы мәселе өткен аптада Трамп пен Путин арасында болғандай шешілмейді», – деді Мерц Безансонда Эммануэль Макронмен кездесу алдында.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт сол уақытта Путин мен Зеленскийдің қақтығысты өз бетінше тоқтатуға дайын емес екенін айтты. Оның сөзінше, Трамп Киевке жасалған соққыға реакция білдірмеген және жағдайды бақылауда ұстап отыр.

«Трамп бұл туралы кейінірек мәлімдеме жасайды», – деді Левитт.

The Atlantis дерегінше, Трамп дипломатиялық бастамаларының нәтиже бермегеніне наразы және қандай жағдай болса да «соғыстың тоқтауын қалайды».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *