Қошанов Парламенттің бірлескен отырысын шақырды

Фото: Мәжіліс

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп жазады ZontNews.kz.

Отырыстың күні 2 қыркүйекке белгіленді.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2025 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11:00-де Астана қаласында шақырылсын», – деп жазылған өкімде.

Бұл жиын парламенттік демалыстан кейінгі алғашқы отырыс саналып, елдегі жаңа саяси маусымды ашады.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауын жариялайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *