«Реал Мадрид» «Қайратпен» ойынына қатысты пікір білдірді

Фото из открытых источников

«Реал Мадридтің» ресми сайты мен клубтық телеарнасы Чемпиондар лигасының жеребесі өткеннен кейін клубтың даму және байланыс жөніндегі директоры Эмилио Бутрагеньоның пікірін жариялады, деп жазады ZontNews.kz.

«Біз бұл командамен бұрын-соңды ойнаған жоқпыз. Олар бізден өте алыс орналасқан», – деді ол Алматыға сапардың логистикалық қиындығын атап өтіп.

Бутрагеньо сонымен бірге: «Бізге жоғары деңгейде ойнап, барлық детальге мұқият қарау керек», – деп қосты.

Ол «Қайратқа» қарсы ойын жаңа сын екенін және қарсыластың атына қарамастан мұқият дайындықты талап ететінін айтты.

Клубтың баспасөз қызметі «Реал» өз алаңында Manchester City, Juventus, Marseille және Monaco клубтарымен ойнайтынын, ал сырт алаңда Liverpool, Benfica, Olympiacos және Алматының дебютант клубы «Қайратқа» қарсы шығатынын хабарлады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *