Блогер Ырысбала Икрамбайдың қайырымдылыққа жиналған қаражаты тексерілмек. Бұл туралы блогер Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады ZontNews.kz.
Оның айтуынша, таңертең министрліктен белгісіз адам келіп, атқарып жүрген ісіне түсініктеме беруін талап еткен қағазды қалдырып кеткен.
«Былтыр да Астанада дәл осындай жағдай болды. Сол кезде қорғаушысыз-ақ сотта өзімнің жұмысымның адал екенін дәлелдедім. Бұл – мені көреалмайтындардың әрекеті», – деді ол.
Блогердің айтуынша, ол үшін қорқатындай еш себеп жоқ.