26 тамызда Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында қайғылы оқиға болды, деп жазады ZontNews.kz.
PetroCouncil telegram-арнасының мәліметінше, мердігер компания қызметкерлері мінген автокөтергіш аударылып, екі адам мерт болған.
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС баспасөз қызметі оқиғаның сағат 14:30 шамасында болғанын хабарлады.
«Оқшаулау жұмыстары кезінде автокөтергіш құлап, екі қызметкер көз жұмды. Жұмысты «КРС Астана» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізген. Қаза тапқандар осы ұйымның оқшаулаушылары. Оқиғаның себебін арнайы жұмыс тобы анықтап жатыр. Зауыт қалыпты режимде жұмысын жалғастыруда. Компания басшылығы марқұмдардың жақындарына көңіл айтады», – деп хабарлады компания.