АҚШ-та саясаткер Құранды өртеп, исламға қарсы үндеу жасады

Фото: aljazeera

АҚШ-та Республикалық партиядан Конгресске үміткер Валентина Гомес Құранды өртеп, «Мен исламды жоямын, мені сайлауда жеңуге көмектесіңіздер» деп мәлімдеді, деп хабарлайды Zontnews.kz Al Jazeera дерегіне сілтеме жасап.

Бұл әрекет әлеуметтік желілерде дүрбелең туғызды. Мұсылман ұйымдары мен құқық қорғаушылар Гоместің әрекетін дінаралық қақтығысты қоздыру деп бағалады.

Үміткердің қарсыластары мұсылман қауымын қасақана қоздырып, Израильді қолдайтын лоббидің қолдауын алғысы келеді деп санайды. Сыншылар билік пен платформалардың екіжүзділігін де атап өтті: антисемитизм мен нәсілшілдікке жылдам шара қолданылса, исламға қарсы шабуылдар көбінесе жазасыз қалады.

Қоғамдық қайраткерлер Құранда Иса мен Мәриямды мадақтайтынын айтып, Гоместің діни сауаттылығына күмән келтірді.

Журналистер оның бұрынғы дау туғызған әрекеттерін де еске алды. Техастағы мұсылман жиналысына шабуыл жасап, «Бұл христиан мемлекеті. Өз 57 мұсылман еліңізге қайтып барыңыз» деп айғайлаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *