Федералдық Нью-Йорк округінің Оңтүстік соты Ильяс Храпуновты сотқа бағынбау бойынша кінәлі деп таныды. Бұл шешім Алматы қаласы мен «БТА Банк» АҚ талап арызы бойынша шығарылды, деп жазады ZontNews.kz.
Сот Храпунов өзінің мүлкі мен қаражаты туралы үнемі есеп беруге міндеттейтін бұйрықты бұзғанын анықтады. Енді ол барлық ақшасы мен мүлкі жөнінде толық ақпарат беруі тиіс.
«Оны орындамаған жағдайда жаңа санкциялар қолданылады», – делінген сот шешімінде.
Сонымен қатар, Ильяс Храпунов сот шығындарын өтейді.
Ильяс — Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың ұлы және бұрынғы «БТА Банк» басшысы Мұхтар Әблязовтің күйеу баласы. Қазақстан билігі оларды миллиондаған доллар ұрлау және ақша жуу әрекеттеріне айыптайды.
Алматы қаласы мен «БТА Банк» АҚ АҚШ пен Еуропада талап арыз беріп, Әблязов пен оның туыстары мен жақын айналасындағыларын жалған компаниялар мен офшорлар арқылы миллиардтаған долларды шығару бойынша айыптады. Храпунов-жас осы схемаға қатысушы ретінде қарастырылады.
Осы істегі соңғы сот процестері өткен жылдың маусымында өтті. Негізгі фигурант АҚШ азаматы Феликс Сатер болды. Оны бірнеше бап бойынша, соның ішінде «заңсыз меншіктеу» және «негізсіз байлық және пара алу» бойынша айыптады. Басқаша айтқанда, Сатер қаражат «жуу», оны Ильяс Храпуновтың сұрауы бойынша жасаған.