Абай облысында ауыр жол апатынан кейін 9 жасар қыз Семейдегі Медицина университетінің клиникасында терең комада жатыр, деп хабарлайды Zontnews.kz.
Дәрігерлер оны жасанды тыныс алу аппаратына қосып, қарқынды терапия жүргізіп жатыр.
Тағы екі бала Астанадағы травматология бөлімінде ем қабылдауда.
«Олардың жағдайы тұрақты, операцияға дайындап жатырмыз», – деді дәрігерлер.