Алматыдағы Алмалы аудандық сотында атом электр станциясын салуға қарсы шыққан белсенділердің ісі қаралды, деп жазады ZontNews.kz.
Тергеу деректері бойынша, бес ер адам, зейнет жасына жақындаған және зейнеткерлік жасындағы, АЭС құрылысына қатысты референдум күні – 2024 жылғы 6 қазанда тәртіп бұзуға және билікке қарулы қарсылық көрсетуге әрекет жасаған деп айыпталды.
Мемлекеттік айыптаушы әрбір айыпталушыға бес жылға бас бостандығын шектеу жазасын сұрады.
Судья Ернар Қасымбеков барлық бес белсендіні төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесіп, шешім шығарды.