Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 30 тамыздан 3 қыркүйекке дейін Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барады, деп жазады ZontNews.kz.
Ақорда хабарлағандай, сапарға Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруы негіз болды.
Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер ұйымдастырылады, онда екі ел арасындағы тұрақты және жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесі қаралады.
31 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында президент Тяньцзинь қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті мен «ШЫҰ плюс» кездесулеріне қатысады.
2 қыркүйекте Тоқаев Бейжіңге барып, Қазақстан – ҚХР Іскерлік кеңесінде сөз сөйлеп, Қытайдың ірі компанияларының жетекшілерімен бірқатар кездесулер өткізеді.
3 қыркүйек күні мемлекет басшысы Екінші дүниежүзілік соғыстың Жеңісінің 80 жылдығына арналған салтанатты шараға қонақ ретінде қатысады.