Тоқаев 8 қыркүйекте халыққа жолдауын жариялайды

Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа жолдау жасамақ, деп жазады ZontNews.kz.

Бұл туралы Мемлекет басшысының көмекшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

Отырысқа Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия өкілдері, сондай-ақ қоғам қайраткерлері мен еңбек ұжымдарының мүшелері қатысады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *