Су ресурстары және ирригация жаңа вице-министр тағайындалды

Фото пресс-служба премьер министра

Талғат Момышев Су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды, деп жазады ZontNews.kz.

Талғат Амангелдіұлы Момышев 1968 жылы Ақмола облысында туған. Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтын және Алматы экономика және статистика институтын бітірген.

Кәсіби жолында мемлекеттік органдар мен жеке секторда басшылық қызметтер атқарған. Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, сондай-ақ Ұлттық аккредитация орталығының басшысы болған.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредитация департаментінің директоры қызметін атқарды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *