22 тамыз таңертең Шығыс Қазақстан облысында пойыз екі әйелді қағып кетті. Оқиға Коршунова – Өскемен-1 теміржол учаскесінде болды, деп жазады ZontNews.kz.
Бір әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, екіншісі ауруханаға жеткізілді.
«Машинист шұғыл тежеу қолданғанымен, апаттың алдын алу мүмкін болмады», – деді КТЖ баспасөз қызметі.
Компания марқұмның туыстарына қайғыға ортақтасып, жараланған әйелге тез сауығып кетуін тіледі. Сондай-ақ азаматтарды теміржол маңында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.