Тележүргізуші анасына жасалған қысымды әшкереледі

Тележүргізуші Айнур Ильясова Алматыдағы А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығында орын алған оқиғаны жариялады, деп жазады ZontNews.kz.

Оның айтуынша, анасына операция жасалғаннан кейін анестезиолог оған тікелей хабарласып, ақша талап еткен.

«Кеше Сызғанов клиникасында анама операция жасалды. Операция алдындағы төтенше байланыс үшін менің нөмірімді жазған еді. Алайда анестезиолог оны мақсатсыз пайдаланып, маған тікелей хабарласып, ақша талап етті. Мен клиника директоры атына ресми хат жолдап, мәселені шешуді сұрадым. Бірақ анестезиолог қайтадан анама келіп, операциядан кейінгі жағдайдағы анамнан «қызымды сабырға шақыруын» талап етті», – деп жазды Ильясова.

Тележүргізуші бұл әрекеттердің кәсіби этикаға қарсы ғана емес, ауыр жағдайда тұрған пациентке қысым екенін айтты.

«Мен дәрігерлердің еңбегін бағалаймын және олардың жұмысын қиын екенін білемін. Бірақ осындай жағдайлар клиникаға сенімділікке нұқсан келтіреді және пациенттердің қауіпсіздігіне күмән тудырады. Сызғанов клиникасының басшылығына өтініш: шара қолданып, осындай оқиғалардың қайталануына жол бермеңіздер», – деді Ильясова.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *