Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) «Қазақтелеком» АҚ-ға қатысты тергеу бастады, деп жазады ZontNews.kz.

Агенттік интернет тарифтерінің жоғары болуын зерттеп, байланыс операторларының тариф динамикасын талдаған.

«Қазақтелеком» АҚ қызметінде тарифтерді монополиялық түрде көтеру белгілері байқалады. 2024 жылы 100 Мбит/с, 200 Мбит/с және 500 Мбит/с жылдамдықтағы интернет тарифтері бойынша бағаның өсу қарқыны 20%-ға жеткен», – деді агенттік өкілдері.

Сондай-ақ, БҚДА ұялы байланыс қызметтерінің тарифтерін талдап, мұнда да бағаның монополиялық түрде жоғары екені анықталған. «Қазіргі таңда ұялы байланыс операторына қатысты бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзу фактілері бойынша тергеу тағайындау мәселесі қаралуда», – деп толықтырды агенттік.

Еске салайық, биыл жаздың басында қазақстандықтар ұялы байланыс тарифтерінің өсуіне шағымданған. Көптеген абоненттер баға көтерілгенімен, байланыс сапасы өзгермегеніне наразы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *