Ақмола облысында екі бала найзағай соғуы салдарынан зардап шекті, деп жазады ZontNews.kz.
Өкінішке орай, олардың бірі қаза болды.
Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті растады. Оқиға 20 тамыз күні Біржан Сал ауданына қарасты Үлгі ауылында орын алды.
Полиция мәліметінше, «Біржан Сал ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері 2015 жылы туған баланың қайтыс болуы және 2010 жылы туған баланың жарақат алуы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады».