22 тамыз күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен ресми сапармен Бішкекке аттанады, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Ақорда хабарлағандай, сапар барысында мемлекет басшылары қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту жөнінде келіссөз жүргізеді.
Сонымен қатар, Тоқаев пен Жапаров Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысады.