Тоқаев Астанадағы ҰҚК жаңа ғимаратымен танысты

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне барды, деп жазады ZontNews.kz.

Ақорда хабарлағандай, сапар барысында президентке жедел орталықтың жұмысы, қызметкерлердің кабинеттері мен заманауи талаптарға сай жабдықталған қызметтік бөлмелер таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған жаңа ғимараттың құрылысына оң баға берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *