Берденовке қастандық ісі: Жиембайға 11 жыл 3 ай сұралды

Прокурор Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына қастандық жасады деп айыпталған Ернар Жиембайды кінәлі деп тануды сұрады, деп жазады ZontNews.kz.

Мемлекеттік айыптаушы соттан оны «кісі өлтіруге оқталды» деп танып, 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыруды талап етті.

Бүгін Руслан Берденовке жасалған шабуыл ісі бойынша сотта жарыссөздер басталды. Осы отырыста Берденов алғаш рет оқиғаны егжей-тегжейлі баяндап, прокурорлардың сұрақтарына жауап берді.

Шенеунік полиграф арқылы тексеруден өтуге дайын екенін айтты.

Берденов айыпталушы Жиембаймен жеке таныстығы болмағанын жеткізді:

«Оны бар болғаны үш рет көрдім: екі рет жиналыста, бір рет оқиға күні. Жиембай үйіме келетінін айтып хабарласқан, бірақ мән берген жоқпын. Кейін инспектор Асанбай оның өзіне қол салатынын айтқанын жеткізді. Ол кезде Асанбай Жиембайдың мас болғанын ойлаған».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *