Руслан Берденов сотта алғаш рет оқиғаны толық баяндады

Фото: Мәжіліс

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов сот отырысына онлайн қатысты. Ол алғаш рет оқиғаның толық мән-жайын баяндап, прокурорлардың сұрақтарына жауап берді, деп жазады ZontNews.kz.

Шенеунік полиграф арқылы тексеруден өтуге дайын екенін айтты.

Берденов айыпталушы Жиембаймен жеке таныстығы болмағанын жеткізді:

«Оны бар болғаны үш рет көрдім: екі рет жиналыста, бір рет оқиға күні. Жиембай үйіме келетінін айтып хабарласқан, бірақ мән берген жоқпын. Кейін инспектор Асанбай оның өзіне қол салатынын айтқанын жеткізді. Ол кезде Асанбай Жиембайдың мас болғанын ойлаған».

Шенеуніктің сөзінше, Жиембай «Тұрғын үй Шымкент» компаниясын басқарған тұста оған бірнеше шағым түскен:

«Мысалы, компания тендерсіз тапсырыс алғаны айтылды. Сондай-ақ ол көлемді құрылыс материалдарын сатып алып жатқаны белгілі болды. Осыдан кейін есеп талап еттім. Бірақ ол құжат ұсынбай, инспектормен дауласты. Сол кезде бізбен әрі қарай жұмыс істей алмайтынын айттым».

«Қаруды қайта оқтағандай болды»

Берденов оқ атылған сәтті де сипаттады:

«Маған бес рет оқ атты. Құлағанымда екі қыз жүгіріп келді. Олар TikTok үшін видео түсіріп жүрген екен. Бірі фельдшер болып шықты. Екеуі көмек көрсетті, көзімді жұмбауымды өтінді. Оң өкпем зақымданғандықтан тыныс ала алмадым. Ота кезінде өкпенің 20 пайызы алынды. Өлемін деп ойладым, кәлима оқыдым. Бар күшімді жинауым қажет екенін түсіндім. Өйткені Жиембай бақылау үшін тағы атуға ниеттенді. Бес оқ атқаннан кейін қаруды қайта оқтағандай болды. Мүмкін, қаруы істемей қалған шығар. Әйтпесе неге қайта жақындады?».

Берденов айыпталушының әйелі Луиза Алданованың аты аталуына қатысты пікір білдірді:

«Әйелін, балалардың анасын бұл іске араластыру дұрыс емес. Әркім өз ісіне өзі жауап беруі керек. Сенің мақсатыңыз белгілі. Әкен адвокатыма барып, менің мансабымды аяқтайтынын айтып қорқытқан».

Жиембай сотта Берденовтің атына қайта-қайта тоқталып, оған жауап бергісі келді. Кейін отбасы тарапынан жала жабу ниеті болмағанын мәлімдеді.

Қазір сот жарыссөз сатысына өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *