Астанада жол жөндеу жұмысшыларына көлік соғып, бір адам қаза тапты, деп жазады ZontNews.kz.
Қайғылы оқиға 18 тамызға қараған түні болды. Полицияның мәліметінше, жүргізуші жолдағы жөндеу жұмыстарына мән бермей, жұмыс орындап жатқан екі адамды қағып кеткен.
Салдарынан олардың бірі оқиға орнында көз жұмды, екіншісі ауруханаға жеткізілді.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады полиция.