17 тамызға қараған түні Атырауда 23 жастағы фельдшер көз жұмды, деп жазады ZontNews.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға жаппай төбелестен кейін болған. Жарақат алған таныстарына көмекке шақырылған жас маман төбелес орнына барған. Алайда жағдай шиеленісіп, жанжал кезінде оқ атылған. Оқ фельдшерге тиіп, ол сол жерде қайтыс болды.
Марқұмның сол күні кезекшіліктен кейін демалып жүргені анықталды. Артында жақында босанғалы отырған жары қалды.
«Қылмысқа күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің „Адам өлтіру“ бабымен іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды», – деп мәлімдеді Атырау облыстық полиция департаменті.