Берденов Шымкенттің бас сәулетшісінің қамауға алынуына пікір білдірді

Фото: gov.kz

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешовтің қамауға алынуына қатысты пікір білдірді, деп жазады ZontNews.kz.

Ол әлеуметтік желідегі жазбасында бұл іске қатысы жоқ екенін айтып, қамауға алынған шенеунікпен байланысын жоққа шығарды.

«Оны «менің адамым» деп айтуға еш негіз жоқ. Ол бұл қызметке мен әкімдікке келгенге дейін тағайындалған», – деді Берденов.

Тергеу дерегінше, Әбдешов өзгенің мүлкін иемденді деген күдікке ілінген. Ол 2025 жылдың ақпанында басқарма басшысы болып тағайындалған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *