Қазақстандағы Ұлыбритания елшісі Кэти Лич қызметін аяқтап, қазақ тілінде алғыс сөзін жариялады, деп жазады ZontNews.kz.
Ол қазақстандықтарға жылы қабылдауы және бірлескен жетістіктері үшін ризашылығын білдірді.
Қоштасу сөзінде дипломат қазақтың «Көппен көрген – ұлы той» деген мақалын келтірді.
Кэти Лич 2021 жылдың тамызынан бері Ұлыбританияның Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын басқарды. Оның қызметі кезінде екі ел арасындағы саяси және экономикалық байланыстар нығайып, 2024 жылы Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Сондай-ақ білім беру саласында британдық университеттердің кампустары ашылып, академиялық алмасу бағдарламалары іске қосылды. «Жасыл энергетика» және маңызды минералдар бағытындағы ынтымақтастық та кеңейді.