Қызылордада кәсіпкерлерді алдап, 88 млн теңге иемденгендер сотталды

Фото: Polisia.kz

Қызылордада балалар спорты мен шығармашылығын қолдауға арналған «Даму бала» платформасы арқылы қызмет көрсеткен кәсіпкерлерден 88 млн теңге иемденген әйелдерге сот үкімі шықты, деп жазады ZontNews.kz.

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Істі Қызылорда облысы бойынша Қаржы мониторингі департаменті тергеді. Агенттіктің мәліметінше, айыпталушылардың бірі — әкімдік жанындағы мониторинг тобының мүшесі — қызмет бабын пайдаланып, сыбайласымен бірге кәсіпкерлерге тексеріс қорытындысын «реттеу» үшін ақы төлеуді ұсынған.

Олар бұл «қызмет» үшін 88 млн теңгеден астам қаражат алып, оның бір бөлігін коттедж бен автокөлік сатып алуға жұмсаған. Сот бұл мүлікке тыйым салды.

Сот үкімімен негізгі айыпталушы 6 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Оның сыбайласы 5 жылға шартты жаза алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *