«Жиембай Берденовке қатарынан бес мәрте оқ атты»: сотта жаңа деректер жарияланды

Фото: Мәжіліс

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп жазады ZontNews.kz.

Прокурордың айтуынша, айыпталушы, «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің бұрынғы директоры Ернар Жиембай, аңшы мылтығынан қатарынан бес мәрте оқ атып, кейін соңғы бақылау оғын атпақ болған.

Алайда оқ-дәрісі қалмаған.

Бұл мәліметтер алдын ала тыңдау барысында жарияланып, тергеу анықтаған шабуылдың мән-жайын растады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *