Қазақстандық дипломат Польшада қамауға алынды

Фото: пресс-служба Минобороны

Польшада Қазақстанның әскери атташенің аппараты қызметкері ұсталды, деп жазады ZontNews.kz.

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық орталығы бұл ақпаратты растады.

Ведомство мәліметінше, шетелдік тараппен мәселені шешу үшін жұмыс жүргізіліп жатыр. Азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында қажетті шаралар қабылдануда.

1 тамызда Польша ішкі істер министрі Томаш Семоняк әлеуметтік желіде ұсталған адамның «КСРО ыдырағаннан кейін құрылған Азия елдерінің бірінің азаматы» екенін хабарлады.

Оның айтуынша, бұл азамат әскери барлау қызметкері болып, Польша мен оның одақтастарына қауіп төндіретін әрекетке барған. Ұлттық прокуратура оған айып тағып, сот үш айға қамау туралы шешім шығарған.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі журналистер сұрағына жауап бермей, түсініктеме алу үшін Қорғаныс министрлігіне жолдады. Қазіргі уақытта қазақстандық тарап Польша билігімен бірлесіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *