Бұрынғы әкім балалардың көзінше жұмысшыны ұрып өлтіргені үшін 8 жылға сотталды

Фото: Canva

Жезқазған қалалық соты Жаңаарқа ауданының бұрынғы әкімі Сәкен Оспановты кісі өліміне әкеп соққан қасақана ауыр жарақат үшін кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырды, деп жазады ZontNews.kz.

Іс материалдары бойынша, оқиға куәсі – марқұмның екі баласы. Олар әкелерін Сәкен есімді ер адамның ұрып-соққанын айтқан.

Қаза тапқан – мал шаруашылығында жұмыс істеген Дмитрий Рябцев. Ол әйелі және екі баласымен бірге Жаңаарқа ауданындағы қыстақта еңбек еткен. Еңбек шарты жасалмаған, әлеуметтік төлемдер жүргізілмеген. Байланыс құралдары болмағандықтан, отбасы өз құқығын қорғай алмаған.

Рябцев отбасымен қожалықтан кетіп, аудан орталығындағы арзан қонақүйге орналасты. Бұл жайлы білген Оспанов, қасында бұрынғы жол полициясы басшысы болған туған ағасымен бірге, қонақүйге келді. Куәгерлердің сөзінше, ол Рябцевті сыртқа шығарып, балаларының көзінше ұрып-соққан. Жәбірленуші сол жерде қаза тапты.

Сәкен Оспанов 2010 жылдың тамызында аудан әкімі болып тағайындалған. 2011 жылдың шілдесінде ол 10 мың доллар пара бергені үшін ұсталған. Тергеу дерегінше, бұл ақша ауылдық округ әкіміне қатысты істің нәтижесіне ықпал ету үшін берілген. Істің соңы белгісіз. Бұған дейін Оспанов Қарағанды облысы Ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *