Алакөлде жас жігіт көпшіліктің көз алдында суға кетті

Абай облысындағы Алакөлде жас жігіттің суға кетуімен аяқталған қайғылы оқиға болды, деп жазады ZontNews.kz.

Жарбұлақ ауылы жағындағы жағалауда бұл жағдай куәгерлердің көз алдында орын алған.

Ресми мәлімет бойынша, оқиға қайық маңында болған. Құтқару желетін кимеген жас жігіт суға түсіп, біраз уақыттан соң батып бара жатқан.

Оған көмек көрсетуге тағы бір адам жетіп барған. Алайда үрейге бой алдырған жігіт оны су астына тартқан.

Нәтижесінде, жас жігітті құтқару мүмкін болмады. Ол көпшіліктің көз алдында суға кетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *