Куәгерлер сотта: «Берденов асфальтта дұға оқып жатты»

Шымкентте әкімнің орынбасары Руслан Берденовке оқ атылған қылмыстық іс бойынша өтіп жатқан сот отырысында оқиға куәгерлері жауап берді, деп жазады ZontNews.kz.

Сотта Берденовтің жүргізушісі Мейрамбек Қалымбетов пен оқиға орнында бейнежазба жасаған екі қыздан жауап алынды.

Куәгер Арайлым Қамытбектің айтуынша, оқиға әкімдік ғимаратының алдында орын алған.

«Әкімдіктен екі-үш адам шыға бергенде оқ атылды. Мен бірден полицияға қоңырау шалып жатқанымда, тағы үш-төрт рет оқ атылды. Сол сәтте костюм киген ер адам сыртқа жүгіріп шықты. Оның артынан басқа бір ер адам қуып келе жатты», — деді ол.

Берденовтің жүргізушісі Мейрамбек Қалымбетов оқиға кезінде әкімдік маңындағы тұрақта көлік ішінде отырғанын айтты. Ол бастапқыда не болып жатқанын түсінбей қалған.

«Есімді жиғанымда, бір адамның көліктің сол жағында тұрып, оқ атып жатқанын көрдім. Көлік өздігінен қозғалып, жол шетіне барып тоқтады. Сыртқа шыққанымда екі адам алысып жатты. Сол сәтте көлікке қайта отырып, айналып келіп, әлгі адамды (Жиембайды) қағып өттім. Руслан Арысбекұлын өлтіріп қоюы мүмкін деп қорықтым. Қаққан соң ол құлап түсті, кейін артқа қарай жүгіріп кетті. Кейін біз арада жағаласып қалдық», — деді Қалымбетов.

Оның айтуынша, оқ атылған сәтте қай бағыттан оқ шыққанын нақты байқамаған.

Қыздардың бірі сотта TikTok желісіне бейнежазба түсіріп жүргендерін айтты.

«Қасымдағы құрбыммен көлікте отырғанбыз. Терезеден Ернар Жиембайды көрдік. Құрбым: «Неткен сымбатты жігіт» деді. Біз жүрек ишарасын көрсеттік. Бірақ жігіттің түрінен көңіл-күйі болмағанын байқадық. Бір сәттен соң оқ атылды. Біз басымызды еңкейтіп, 102-ге қоңырау шалып, көмек шақырдық», — деді ол.

Қыздардың айтуынша, олар мен жүргізуші жарақат алған Берденовке алғашқы көмек көрсетуге тырысқан.

«Руслан Арысбекұлы асфальтта жатқан. Ол басын ұстап, көзі жұмулы күйде дұға оқып отырды. Кәлима сөздерін де айтып жатты», — деді қыздардың бірі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *