Грузияда кәсіпқой боксшы Серік Мұсадыловтың туған інісі 27 жастағы Шыңғыс Мұсадылов қаза тапты, деп жазады ZontNews.kz.

«Тбилиси для людей и про людей» telegram-арнасынаның хабарлауынша, марқұм бірнеше күн бойы іздеуде болған. Оның мәйіті табылғанын Қазақстанның Грузиядағы елшілігі растады.

Шыңғыс Мұсадылов 4 тамызға қараған түні із-түссіз жоғалған. Алдын ала мәліметке сәйкес, оны соңғы рет Тбилисидің орталығындағы түнгі мекемелердің бірінің маңында көрген. Осыдан кейін ол байланысқа шықпаған. Туыстары полицияға жүгініп, іздеу шаралары басталған.

Бірнеше күнге созылған іздеу жұмыстары қайғылы аяқталды: Шыңғыс Мұсадылов өлі күйінде табылды. Оның өліміне не себеп болғаны әзірге хабарланған жоқ.

Серік Мұсадылов – кәсіпқой рингте «Панда» лақап атымен танымал. Ол – ауыр салмақта жұдырықтасатын және халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген боксшы. Қазірге дейін өткізген жекпе-жектерінің басым бөлігін нокаутпен аяқтаған. Мамандар оны болашағынан зор үміт күттіретін спортшы ретінде бағалайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *