Джастин Тимберлейк Лайм ауруына шалдыққанын айтты

Америкалық әнші Джастин Тимберлейк өзінің денсаулығына байланысты Лайм ауруы диагнозы қойылғанын хабарлады, деп жазады ZontNews.kz.

Әншінің айтуынша, ауру белгілері Forget Tomorrow атты әлемдік турдың соңғы кезеңінде байқалған.

«Бұл дертпен өмір сүру әрі физикалық, әрі психологиялық тұрғыдан ауыр. Алғаш диагноз қойылғанда, қатты таңғалдым. Алайда бұл менің сахнадағы ауырсыну, әлсіздік және жүрек айну сияқты белгілерімнің себебін түсіндірді», — деп жазды ол.

Лайм ауруы — Borrelia burgdorferi бактериясы тудыратын инфекция. Ол көбіне қарааяқ кенелерінің шағуы арқылы жұғады.

CNN арнасына берген түсініктемесінде дәрігер Лиана Вэнь бұл ауру үш кезеңнен тұратынын, ал белгілері тұмауға ұқсас болатынын айтқан. Аурудың белгілері қатарында бас айналу, жүрек қағысының жиілеуі, көкірек тұсының ауыруы, буындардың созылмалы ауруы, бет бұлшықеттерінің салдануы, артрит және депрессия болуы мүмкін.

Тимберлейк гастрольдік сапарды жалғастыру немесе тоқтату жайында күрделі шешім қабылдауға мәжбүр болғанын мойындады.

«Сахнада өнер көрсету маған шабыт береді. Бұл — денем уақытша сезетін қиындықтарға қарағанда әлдеқайда маңызды. Турды жалғастырғаныма қуаныштымын», — деді ол.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *