Актөбе облысында «Магаджан» су қоймасының апатына байланысты жүргізілген тергеу аяқталып, жергілікті шенеунікке қатысты сот үкімі шықты, деп жазады ZontNews.kz.
Тергеу нәтижесінде Хромтау ауданындағы гидротехникалық нысанның бұзылуына аудан әкімдігі қызметкерінің немқұрайлығы себеп болғаны анықталды. Ол су қоймасының техникалық жағдайын уақтылы қадағаламаған және қажетті тексерулер жүргізбеген.
Салдарынан Алға ауданына қарасты бірнеше елді мекен мен Ілек және Қарғалы өзендерінің маңындағы саяжай аумақтарын су басқан.
Апат кезінде 215 адам, оның ішінде 96 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Шығын көлемі 211 миллион теңгеден асты.
Сот қызметкерге 1 жыл 6 ай мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.